Мас деп ойлаған
Оқиға • 24 Мамыр, 2024
«Мас деп ойлаған»: Инсульт алған науқасқа дер кезінде көмек көрсетілмеген
Шымкент қаласында жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартқан, бірақ науқастың құсқанын көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, ұйықтатып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.