Медиа этика
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Философиядағы іргелі пәндердің бірі – этика. Ол ұждан, адамгершілік, әдеп категориясымен түсіндіріледі. Адамның ойлау жүйесі таңдау алгоритміне негізделгендіктен, этикаға сай шешім қабылдау өмір сапасына тікелей әсер етеді. Интернетке әркімнің қолы жететін, цифрлық технологияның кернеуі күшейген заманда әркім медиатұтынушы әрі оны жасаушы бола алады. Сондықтан бірқатар ақпарат агенттігі аудитория мен ақшаны көптеп тарту үшін түйсігіне түнегеннің бәрін жасайды. Бұл қоғамдық дүрдараздыққа апаратын қауіпті құбылыс. Сол үшін масс медиада қызмет ететін мамандарға этикалық қағидаларды меңгеру, оны қызмет аясында қолдану маңызы арта түсті.