Мемлекетшілдік
Пікір • 06 Қараша, 2025
Бізді ел етіп, барымыз бен жоғымызды түгендетіп, өткенге, бүгінге, ертеңге алаңдатқызып, жауапкершілікті сәт сайын есімізге салып отырған – үзілмеген мемлекетшілдік арқауы. Мемлекетшілдік – мемлекеттілікті тұғырландыратын іс, қасиет. Мемлекеттілік – еркіндігіміз, теңдігіміз, дәстүріміз. Күрделі ХХ ғасырдың 20-80 жылдары азаттықтың емеуріні ғана болды. Саналының ойында, жүрегінде тұрғаны рас.