Мемлекет кірісі
Үкімет • 08 Қараша, 2024
Мемлекетке тағы 525 млрд теңге қайтарылды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.