Министрлер кеңесі
Спорт • 24 Мамыр, 2024
ШЫҰ шеңберіндегі спорт: Тәжірибе алмасу және жаңа бастамалар
Алматыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты министрлік басшыларының кеңесі өтті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мен нығайтудың маңызды мәселелері талқыланған жиында сала министрі Ермек Маржықпаев спорт – ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі екенін атап, Қазақстан ШЫҰ кеңістігінде спорттың дамуына үлес қосуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.