Мопедтерді тіркеу
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2025
Алматыда алғашқы 60 мопед тіркеу нөмірін алды
Алматыда «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мопедтерді тіркеу басталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев хабарлады.