Музей түні акциясы
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Елімізде «Музей түні – 2025» акциясы қалай өтті
18 мамыр әлем бойынша «Халықаралық музей» күні аталып өтілді. Айтулы датаны еліміздегі мәдени мекендер «Музей түні – 2025» акциясымен айшықтады. Бұл күнді келушілер көңілін бұрып, таңғажайып түн форматында өткізу Қазақстанда 2006 жылдан қалыптасты. ҚР Орталық музейінің осы бастамасы бүгінде бұлжымас дәстүрге айналып, осы жылы жиырмасыншы рет ұйымдастырылды. Қазір ел бойынша 294 музей жұмыс істеп тұр. Өткеннің өрнегін бүгінге жеткізіп, болашаққа аманаттар орындарда 4,5 млн жәдігер сақтаулы. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстан музейлерінің табалдырығын 6,6 миллионнан астам адам аттаған, деп жазады Egemen.kz.