Мұнай-газ машина жасау форумы
Экономика • 10 Қазан, 2025
Қошанов: Шикізаттық тәуелділіктен арылуда мұнай-газ секторы маңызды рөл атқаруы тиіс
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп Ақтау қаласында ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумында сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.