Мұқаш Сейтқазинов
Руханият • Бүгін, 08:43
Мұқаш (Мұханбетқали) Сейтқазинов ағаның айтысын тұңғыш рет 1990 жылы Алматы қаласында көргенмін. Біз онда ҚазМУ-дың соңғы курсында оқитын едік. Әр облыстан таңдаулы ақындар, термешілер, жыршылар қатысқан үлкен өнер аламаны өтті. Сол жолы сахнаға домбырасыз шығып, «Дәридай» деп айтысқан Мұқаңа таң-тамаша қалғанбыз. Бұл аздай, Керекуден келген Серік Құсанбаев ағамыз домбыраны солақай тартатын болып шықты. Бірі домбырасыз «дәридайласа», бірі домбыраны солақай ұстап шыққаны, жасыратыны жоқ, басында күлкілі көрінген. Кейін ақындардың табан астында сөз тауып кеткен тапқырлығын, сөз саптауын, тегеурінін көргенде, талантына қайран қалдық.