Нағыз өмір зейнеттен кейін басталады
Мәдениет • Бүгін, 17:30
Қазыналы қариялар редакцияда қонақта
Психологтардың айтуынша, құрметті демалыстан кейінгі уақыт – адамның өзі үшін өмір сүретін ең әдемі кезеңі. Қызмет бабымен жүріп екінші, бәлкім үшінші, төртінші орынға ысырылып қалған арман-қиялдарын адам зейнетке шыққаннан кейін жоғалтпай жүзеге асыра алса – ол өмірі мағыналы нағыз бақытты адам. Сөзімізге дәлел ретінде Астана қаласында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» аталары мен әжелерін айтуға болады. Күні кеше осы қазыналы қариялар «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына қонаққа келіп, журналистермен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Кездесуді «Қазақ газеттері» ЖШС директорының орынбасары Қамбар Ахмет жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.