Нұрмахан Оразбеков
Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2021
Қазақта «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» деген аталы сөз бар. Осы нақыл орайында биылғы 23 маусымда «Egemen Qazaqstan» газетінде ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқарұлының «Ер есімі неге ұмытылып барады?» атты мақаласы жарияланды. Онда қоғам қайраткері, журналист, батыр ағамыз Нұрмахан Оразбекке «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныс жасалған.