Ойланайықшы ағайын
Егемен Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2025
«Егемен» не деген? 18 қыркүйек, 1990 жыл.
Жасанды интеллектінің кернеуі күннен күнге күшейгенімен, жылдар арасында жылжытып отыратын уақыт машинасы әлі жасалған жоқ. Сондықтан ілгері замандағы ілкімді ізденістер мен өзекті өзгерістерді гаджеттен емес, газеттен қарауға тура келеді. Әсіресе, халықтың дәл сол кездегі хал-ахуалын БАҚ айнасы анық көрсетеді. Хош, осыдан 35 жылға кейін шегініп көрейікші.