Олимпиадалық цикл
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Спорт – дене қозғалысы ғана емес, рухты шыңдап, ой ширататын өмір салты. Бүгінде спорт сайыстан бөлек, мемлекеттің имиджін қалыптастырып, турист тартатын, ел әлеуетін әлемге паш ететін, азаматтарды салауатты өмір салтына үндейтін сала. Мұнда спортшы мен жанкүйер біртұтас адамға айналып, сүрінгенде бірге аяққа тұрады, жеңіс тұғырына бірге көтеріледі. Осындай кең ауқымды сыйдырып тұрған спорт жарқын эмоция сыйлайтыны үшін - сүйікті іс, терең қызығушылық. Жеке, командалық, экстремалды спорттың қай түрінде болсын жеңіс жүйелі еңбекпен келеді. Спортшы, бапкер, ғылыми штаб, спорттық медицина дәрігерлері мен мемлекет, қолдаушы біріккенде, жүлде қолға ілігеді. Осы миссияны орындау шеңберінде өңірлерде спорттық нысандар салынып, балаларды секциялармен қамту үшін бірыңғай ваучер енгізілген, деп жазады Egemen.kz.