Орнықты даму орталығы
Сұхбат • 24 Қыркүйек, 2025
Дидар Теменов: БҰҰ-ның агенттіктерін бір мүддеге жұмылдыруды көздейміз
БҰҰ-да Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму орталығы құрылды. Орталықты аймақтағы дамуды үйлестіру мекемесі ғана емес, дипломатиялық қалқан деп те айтады. Бұл тарихи оқиға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен жүзеге асты. Орталықтың мәні мен болашағы туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Талғатұлы Теменовпен әңгімелестік.