Орталық – Батыс
Логистика • 19 Қыркүйек, 2025
«Орталық – Батыс» автожолының құрылысы басталды
Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық маңызға ие «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жұмыс барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.