Ортақ әліпби
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2024
Ортақ Түркі әліпбиі: Декларацияға қол қойылды
Осы айдың 9-11 күндері Әзербайжанның Баку қаласында Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамы бірлесіп ұйымдастырған Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі Академиясы мен Түрік тілі қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Мамыр, 2024
Ортақ әліпби жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясының екінші отырысы өтті. Аталған жиынды Түркі Академиясы Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесі жанындағы Түрік тілі қоғамымен бірлесіп және Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институтының қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркі Академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.