Отандық қоғамдық даму институтында өтті
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Цифрлық дәуірдегі салалық журналистика мәселелері талқыланды
24 сәуір күні Отандық қоғамдық даму институтында «Цифрлық дәуірдегі салалық журналистика: тенденциялар мен өзгерістер» атты дөңгелек үстел өтіп, оған академиялық қоғамдастықтың өкілдері, медиакоммуникация саласының сарапшылары мен журналистер қатысты. Жиын барысында журналистика саласында білім берудің түйткілдері, салалық журналистиканың қазіргі жағдайы мен оны дамытудың маңызы, цифрландыру дәуіріндегі журналистиканың жаңа стандарттары, кадр даярлау ісі және медиакоммуникация саласы мамандарына қойылатын қазіргі талаптар талқыланды.