Оқушыларға арналған бағдарлама
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2024
Оқушыларды денсаулық пен бақуаттылыққа дағдыландыратын бағдарлама іске қосылды
Бұдан былай Алматы мен Астана мектептерінің 10-сынып оқушылары уақытпен үндесетін элективті курспен таныса бастайды. Таяу күндері осы бастамаға, яғни «Денсаулық пен әл-ауқат – табысты болашақтың кепілі» элективті курсының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Алматы мен Астана қалаларының білім басқармаларының өкілдері, Қазақ Тағамтану академиясының мамандары, мектеп директорлары мен курс авторлары қатысты.