Павлодар өңірлік АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы
Медицина • 29 Қараша, 2024
АИТВ жұқпасы 2030 жылға қарай атымен жойылуы мүмкін
Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, АИТВ-инфекциясын тұрақтандырудағы елеулі жетістіктер адам құқықтарын қорғау саласындағы ілгерілеумен тығыз байланысты. Өз кезегінде, АИТВ-ға қарсы іс-қимылдардағы жетістіктер денсаулық сақтау жүйесін нығайту, тегін медициналық көмек шеңберінде қызмет көрсету саласын кеңейту жөніндегі шараларға алып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.