Парламенттік комиссияның кезекті отырысы
Сенат • 17 Мамыр, 2024
Қазақстанда ESG күн тәртібін жүйелі қалыптастыру қажет - Мәулен Әшімбаев
Бүгін Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ESG қағидалары теңгерімді орнықты даму идеологиясы саналатынын, соған қарамастан Қазақстанда ESG күн тәртібін үйлестіру әлі күнге дейін орталықтандырылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.