Президентке 2023 жылы атқарған жұмыстар баяндалды
Президент • 02 Ақпан, 2024
Президентке Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметі баяндалды
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйі және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.