Президенттің сайлауалды бағдарламасы
Парламент • 24 Қараша, 2023
Ерлан Қошанов: Экономиканың болашағы мұнай емес, технология, ғылым мен инновацияда
Президент алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағытты нақты айқындап берді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ең алдымен бәсекелестікке назар аударуға тиіс. Атап айтқанда, логистика әлеуеті, қазба байлықтарын өңдеуді ұлғайту және креативті, цифрлық экономика үшін жағдай жасау қажет. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында атап өтті.