Ресейлік журналист
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
«Қазақстанға келе қоймас, келсе де кіре алмайды»: СІМ ресми өкілі Тина Канделаки туралы
Ресейлік журналист Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстандағы теміржол станцияларының атауын өзгерту шешіміне орай Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған еді. Ол «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудырады деп жазды. Тина Канделакидің осы әрекетіне орай Қазақстанда қандай шара қолданылатынын Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, деп жазады Egemen.kz.