Референдум Қостанай облысы
Референдум • 05 Маусым, 2022
Қостанай облысында 735 сайлау учаскесі жұмыс істейді
Бүгін Қостанай облысындағы сайлау учаскелерінің бәрі таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмысқа кірісіп кетті. Аймақта облыстық, қалалық және аудандық референдум комиссияларына қарайтын 735 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бұл комиссиялардың құрамында 4,5 мың адам бар. Облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Әсия Дуанбаеваның айтуынша, бүгін облыстың шамамен 550 мыңнан астам тұрғыны өз таңдауын жасауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz