Роза Темірбаева: Туристер мен көліктердің тым көптігі - «Бурабай» табиғатына ауыр жүк
Туризм • Кеше
Бурабай табиғатына тыныстап алуға мүмкіндік беру қажет - Роза Темірбаева
Бурабай – еліміздегі ең танымал туристік өлкелердің бірі. Жыл сайын республиканың әр түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден келетін туристердің жалпы саны 1 миллонға жуықтайды. География және су қауіпсіздігі институты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында кешенді зерттеу жүргізіп, жергілікті табиғаттың жай-күйіне жүйелі түрде мониторинг жасап отырады. Біз осы орайда мекеменің аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Роза Темірбаеваға хабарласып, бірқатар сауал қойған едік.