СОДОМ
Әдебиет • 22 Сәуір, 2022
Көрнекті ақын Ғалым Жайлыбайдың кейінгі жылдары жазып жүрген кең тынысты кесек поэмаларын көзі қарақты оқырман жіті бақылап отырады. Жаһандық пандемия жайлаған жылдары жазған «Сұрақ белгісі» поэмасын да біз «Egemen Qazaqstan» газетінің сайтында жариялаған едік. Енді редакциямыздың поштасына мәңгілік тақырып: қасиет пен күнә, ізгілік пен зұлымдық, тазалық пен тексіздік мәселелерін қаузаған жаңа поэмасы – «Содом мен Гоморра» келіп түсті. Хаттың қанатын талдырмай, сөзін суытпай, сиясын кептірмей жариялап жібергенді жөн көрдік. Поэма көлемін газет беті көтермейтіндіктен, газет сайты арқылы ұсынып отырмыз.