Сайлау Қарағанды
Аймақтар • 20 Қараша, 2022
Қарағанды облысында 90 жастан асқан 2 мыңдай сайлаушы бар
Қарағанды облысында 642 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:-00-де жұмысын бастады. Онда шамамен 768 мың адам дауыс беруі тиіс. Сайлаушылардың арасында бірінші рет дауыс дауыс берушілердің саны 6 мыңнан асып жығылады. Ал ең егде дауыс берушілер, яғни, 90 жастан асқан сайлаушылар қатары 2 мыңға жуық. Сондай-ақ, 2500 жуық тәуелсіз байқаушы қатысуда, деп жазады Egemen.kz.