Салтанатты іс-шара
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Республика күніне орай Сенатта салтанатты іс-шара өтті
Сенатта ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы декларацияның тарихи маңызына тоқталып, аталған құжат Қазақстан тәуелсіздігінің негізі болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.