Саяси қуғын-сүргіндер
Таным • 24 Қараша, 2021
Саяси қуғын-сүргіндер: Зерттеу мен зерделеу
Отыз жыл ішінде қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптасты. Оның тамырлары 1989 жылы Мәскеудегі «Мемориал» қозғалысы үлгiсiмен құрылған Манаш Қозыбаев бастаған «Әділет» тарихи – ағарту қоғамының жүйелі, тыңғылықты жұмысынан бастау алады. Осы жылдан бастап отандық ғалымдарымыз 1920-1950 жылдардағы ашаршылық нәубеті мен жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жалпыұлттық деңгейге көтерді, 90-жылдары «архив революциясы» басталды, көптеген ғылыми диссертациялар қорғалды.