Сейдолла Бәйтереков – 80
Тұлға • 23 Мамыр, 2025
Қазақ қай кезде ән мен күйден, әнші мен композитордан кемшілік көріп еді? Абай, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса... Ойға оралмағандары қаншама. Олардың бүгінгі ата дәстүрін жаңғыртып, домбыраның құлағында ойнап, салқар даланы әнмен әлдилеп, жылағанды жұбатып, қуанғанның қуанышын бөлісіп, алға жылжуды ғана мақсат тұтатын өнерпаздарымызды бір-бірінің аты-жөндерін шатастырмай, саусақ бүгіп санап бере аласыз ба? Әділдікпен бетпе-бет келгенде, «Хэмингуэйдің жасындай» елуден аса берген санаулы ғұмырында жүзден астам эстрадалық әндер жазған және ол туындылары күн өткен сайын халық жадынан шықпастай боп жымдасып, кез келген сахнадан үздіксіз айтылып жататын қандай композитордың есім-сойын атайсыз десем, сіз кімге тоқтар едіңіз?