Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс ерекшелігі
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
Ел аумағының 45 пайызына жуығы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатады
Әзірленіп жатқан Құрылыс кодексінде «Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері» атты жаңа тарау қарастырылған. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде құрылыс кодексі жобасының тұсаукесері барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.