Сенатта мақұлданған заң туралы
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Мәулен Әшімбаев: Жаңа заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді
Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң ата-ана құқығынан айыруды көздемейді. Құжат ережелері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында әзірленді. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев Палата отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.