Спорт саласы өкілдері
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Тасқынға қарсы күрес: спорт саласының 7 мыңнан астам өкілі атсалысып жүр
Еліміздегі 32 спорт федерациясы апатқа тап болған өңірлерге материалдық, оның ішінде алтауы қаржылай көмек көрсеткен. Туризм және спорт министрлігі «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігімен күш біріктіріп, халыққа бірлесе көмек қолын созып жатыр. Спорт ұйымының өкілдері гуманитарлық көмекті қабылдау және халыққа тарату пункттерін ұйымдастыру бойынша ерікті ретінде еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.