Студенттік омбудсмендер
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Студенттік омбудсмендер барлық өңірде белсенді
Бүгін, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі студенттік омбудсмендердің рөлі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. БАҚ өкілдерімен брифингке Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Ақерке Абылайхан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Тоқтар Болысов және Республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.