Сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Арал ауданын сумен жабдықтауға 4,2 млрд теңге бөлінді
Қаржы Арнаулы мемлекеттік қордан, қайтарылған активтердің есебінен берілген. Бұл қаржыға Қызылорда облысының Арал ауданында сумен жабдықтау жүйесі салынады және жаңғыртылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.