Суық кезең
Медицина • Бүгін, 16:33
Суық маусымнан жылы кезеңге өту аралығы: Балаларды тұмау мен вирустан қалай қорғау керек?
Көктем – жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезеңі. Қыста уақыттың басым бөлігін жабық нысандарда өткізетіндер үшін көктеммен бірге жететін маусымдық жылыну мәселе туындатуы мүмкін. Бұл бала ағзасына айтарлықтай салмақ түсіреді. Қыс бойы әлсіреген иммунитет бұл уақытта түрлі вирус пен тұмауға бейім келеді. Сондықтан бала денсаулығына бейжай қарамай, иммунитетті күшейту, пайдалы ас, ағзаға тапшы дәруменмен қолдау – аса маңызды. Дәрігер мамандар дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және дер кезінде алдын алу шараларын қолға алу арқылы көптеген аурудың алдын алуға болатынын жиі еске салады. Осы орайда отбасылық дәрігер Гаухар Жұматқызынан көктемде балалардың денсаулығын сақтау мен иммунитетін нығайтудың тиімді жолдары туралы сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.