Су тапшылығы мәселесі
Президент • 15 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы: Елімізде су тапшылығы пайда болды
Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Президент Қазақстанда мүлде кереғар жағдай қалыптасқанын айтты. Осы тұста миллиондаған адамның ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшыратынын айтқан Мемлекет басшысы елдегі су мәселесін қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Су нысандарының жекеменшікте болуы алаңдатарлық мәселе – депутат
2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 миллиард текше метрді құрайды. Бұл шамамен Арал теңізіне парапар су. Яғни, таза ауыз су ретінде пайдаланылатын судың көлемі кемі 50 пайызға азаяды. Бұл – әрбір екінші отандасымыз ауыз сусыз қалады деген сөз. Ал, ауыз сусыз адам үш күн ғана өмір сүретіні мәлім, сондықтан өте қауіпті. Демек, дабыл қағар уақыт жетті. Осылай деген бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.