Сүйектері елге жеткізілді
Тағзым • 23 Желтоқсан, 2023
Үш майдангердің сүйегі елге жеткізілді
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан үш жауынгердің сүйектері арнайы авиабортпен Астанаға әкелінді. Қарсы алу рәсімі ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Орталық әскери оркестр музыканттары, Ту тобы және Құрмет қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің қатысуымен өтті. Аталған рәсімге Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, «Атамның аманаты» ҚБ, Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің өкілдері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері мен қаза тапқандардың туыстары қатысты. Іс-шараға Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары әкімдіктерінің, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.