Сәуле Базархан
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Денсаулық сақтау министрлігі блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты тексеру жүргізеді
Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік желілерде пластикалық және косметологиялық клиникалардың жұмысына қатысты қызу талқылау басталды. Әсіресе, Алматыдағы Smart Beauty Clinic-те бұған дейін осындай жағдай болғаны, клиниканың атауын өзгертіп қайта жұмысын жалғастырғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Egemen.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдады. Министрлік оқиғаны ерекше бақылауға алып, тексеруді бастағанын мәлімдеді.