Талғат Кеңесбай
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Ғылым адамның ақылына, өнер сезіміне әсер етуі керек. Сол үшін дарынды сөз жүйесін меңгерген кез келген кәсіби қаламгерден ең алдымен сезімді селт еткізетін дүниелер күтіледі. Марқұм, жазушы Талғат Кеңесбайдың шығармашылығы дәл осы үдеден шығатын көркем туындыларға бай еді. Зерттеушілердің көзіне іліккен «Лениннің бәтеңкесі» «экспериментке құрылған шығарма» деген баға алғаны есімізде. Оның шығармашылығы бастан-аяқ эксперимент еді деуден аулақпыз, бірақ меніңше «Гауһары» да эксперименттің көркем үлгісі сияқты.