Тасқында билеттер
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны іште жатқан біраз кемшіліктерімізді ашып жатыр - Еділ Жаңбыршин
Баспасөз беттерінде жарияланған деректерге қарағанда, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр болды. Ал Атыраудан Алматыға дейінгі билет бағасы 675 мың теңгеге дейін көтерілген. Алматы, Астана қалаларынан осы өңірлерге қатынайтын әуе рейстерінің де бағасы шарықтап кеткен. Жол қатынасы бағасының күрт қымбаттауы және әуе, темір жол көліктерінің аздығы тасқын су басқан облыстардан басқа өңірлерге кетуге қиындық туғызып отыр. Осындай өзекті мәселелерді қозғаған Еділ Жаңбыршин Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.