Тауарлардың ұлттық каталогі
Экономика • 27 Қаңтар, 2026
1 миллионнан 13 миллионға дейін: Тауарлардың ұлттық каталогі бизнеске қалай әсер етеді?
Елімізде тауар айналымын цифрландыру жаңа кезеңге өтті. Қаржы министрлігінің Электрондық қаржы орталығы Тауарлардың ұлттық каталогін (ТҰК) жаңғыртудың негізгі кезеңін аяқтап, оның ауқымын бірден он есеге ұлғайтты. Бұрын 1,3 млн тауарды қамтыған жүйеде енді 13 млн-ға жуық өнім тіркелген. Бұл жай ғана санның өсуі емес, отандық бизнес үшін жаңа тәртіп пен түсінікті ережелердің қалыптасуы, деп жазады Egemen.kz.