Тергеудің алдын ала нәтижелері
Заң • 09 Желтоқсан, 2023
Костенко шахтасы: Бас Прокуратура тергеудің алдын ала нәтижелерін жария етті
Биыл 28 қазанда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахталарында бірқатар жарылыс болып, нәтижесінде 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары ІІМ, ҚМА, ТЖМ және Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.