Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды
Заң • 02 Мамыр, 2024
Жоғарғы Сотта өмір бойына сотталған адамның ісі кассациялық тәртіпте қаралды
Жоғарғы Сотта ЖС төрағасы А.А.Мерғалиевтің төрағалығымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған А.Ж.Тоғаевқа қатысты қылмыстық іс кассациялық тәртіпте қаралды. Отырыс сотталған А.Тоғаевтың, оның қорғаушысы-адвокаттың қатысуымен, сондай-ақ онлайн режимінде қатысқан жәбірленушінің өкілінің қатысуымен өтті. Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.