Туған жер
Қазақстан • 01 Наурыз, 2023
Әрбір адам баласының кіндік қаны тамған мекен оның туған жері. Туған жер, өскен орта сол себептен де адамның түп қазығына баланады. Өмірге деген іңкәрлігің туып-өскен топырағыңа деген ыстық сезіміңмен ұласып, тамырыңа қан жүгіртеді. Сол арқылы болашаққа бағыт алып, бет түзейсің. Қай биікке шықсаң да бала кезде көз алдыңда қалған ауылыңның ақеділ адамдары санаңның түкпіріне қатталып, ойыңнан кетпейді, жадыңда жаңғырып тұра береді. Бұл кез-келген адамның басында болатын хәл. «Әркімге өз туған жері – мысыр шәрі» деген сөз осыдан қалса керек. Туған жердің жыңғылы мен жусаны, қамысы мен қарағайы, ойы мен қыраты, қарақаты мен бүлдіргені, шұбатылған өзені, керек болса қырында жатқан түйір тасына дейін қымбат. Сол кішкентай ауылдан бастау алған балаң сезім, тұтас туған отанды сүюге жетелейді.
Руханият • 07 Шілде, 2020
"Туған жер" патриоттық шығармашылық фестиваліне қатысуға өтініштер қабылдау басталды
Ұлттық Дельфий Комитеті, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КАҰ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Туған жер" патриоттық шығармашылық республикалық фестиваліне қатысуға өтініштер қабылдауды ашық деп жариялайды. 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлардың жұмыстары 2020 жылдың 5 тамызына дейін онлайн түрде қабылданады.