Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы
Қазақстан • 20 Мамыр, 2024
Сенат Спикері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат танытып, алапат су тасқыны кезінде бауырлас Түркия елінің гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Түркия Қазақстанның аса маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі елдің Мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі қарым-қатынасының ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды рөлі аталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.