Түркістан сақшылары
Жасанды интеллект • 05 Мамыр, 2025
«Түркістан сақшылары» қалай түсірілді
Жуырда түркістандық IT маманы Ғасыр Құралбайұлы жасанды интеллект арқылы жасалған алғашқы қазақ тіліндегі мультфильмді көрермен назарына ұсынды. Ол «Түркістан сақшылары» туындысын дайындау барысында ChatGPT, RunwayML, Kling Ai, Hydra AI, ElevenLabs сынды ЖИ бағдарламаларының көмегіне жүгінген. Мультфильмнің басты кейіпкерлері ретінде Ақпантер – барыс, Алтынқанат – қыран, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа бейнелері таңдалған. Толыққанды 3D форматтағы мультфильм сюжеті еліміздің рухани ордасын қасаң ой, теріс әрекеттерден қорғау төңірегінде өрбиді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Сәуір, 2025
ЖИ жасаған мультфильм көрерменге жол тартты
«Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы дайындаған алғашқы анимациялық туынды «Түркістан сақшылары» деп аталады, деп хабарлайды Egemen.kz.