Түрік әдебиеті
Әдебиет • 17 Қаңтар, 2023
«Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» жинағы оқырманға жол тартты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Түрік әдебиетінің есімдер сөздігі» атты 20 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Оған Қазақстан мен Түркияның түркітанушы ғалымдары, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан, Түркіменстан елдерінің Бас консулдары, жоғарғы оқу орнының басшылары, университет оқытушылары мен білім алушы жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.