Тұрғын үй сертификаттары
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы балаларға тұрғын үй сертификаттары беріледі
Отбасы банк еліміздің бірнеше өңірінде дүниеге келген «20 миллионыншы тұрғын» атанған балаларға 2 000 000 теңгелік сыйлық сертификаттарын сыйлады. Мұндай қуанышты жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Қаржы құрылымының жетекшісі бұл бүлдіршіндердің болашағына қосқан өз үлесіміз деп атап өтті.