Тәжікстан ТЖМ жаттығу
Құтқарушы • 24 Мамыр, 2026
Қазақстан құтқарушылары Тәжікстандағы оқу-жаттығуға аттанды
Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары Тәжікстан Республикасында өтетін жер сілкіністерінің салдары мен климаттық тәуекелдерге ден қою бойынша халықаралық көпжақты оқу-жаттығуға қатысады. Ведомство делегациясының құрамында «Барыс» республикалық құтқару қызметінің, Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің, Қарағанды облысы мен Шымкент қаласы ТЖД, сондай-ақ ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері бар, деп хабарлайды Egemen.kz